Нигерия, Тунис және Танзания Африка Ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне шықты (видео)
Нигерия мен Тунис құрамалары Африка Ұлттар кубогының C тобында алғашқы екі орынды иеленіп, 1/8 финалға тікелей жолдама алды.
Соңғы турда Нигерия Уганданы 3:1 есебімен жеңді. Нигериялықтар сапынан Пол Онуачу мен дубль авторы Рафаэль Онидика гол соқты. Уганда құрамасының жалғыз голын Мато Роджерс өз еншісіне жазды.
Параллель өткен ойында Тунис пен Танзания 1:1 есебімен тең түсті. Исмаэль Гарбидің голына танзаниялықтар Фейсал Салуманың дәл соққысымен жауап қайтарды.
Осы тең ойынның арқасында Танзания құрамасы топта үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығуын да қамтамасыз етті.