logo

Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасының клубына ауысады

Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасының клубына ауысады

Қазақстан құрамасының және семейлік «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек еркін агент ретінде грозныйлық «Ахматқа» ауысуға жақын, деп хабарлайды Sport+ Чемпионат.com сайтына сілтеме жасап.

Тараптар трансфердің соңғы жайттарын келісіп жатыр. 22 жастағы футболшының «Елімаймен» келісімшарты 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Ғалымжан Кенжебек «Елімай» сапында биылғы жаздан бері өнер көрсетіп келеді. Бұған дейін ол Словакия чемпионатындағы «Кошице» клубының намысын қорғаған. Қазақстан Премьер-лигасында өткізген 11 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.

Бұған дейін журналист Иван Карпов телеграм-арнасында футболшыға Мәскеудің «Локомотив» клубы да қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған.



Күн шежіресі