logo

«Барыс» өз алаңында кезекті жеңіліс тапты

«Барыс» өз алаңында кезекті жеңіліс тапты

«Барыс» КХЛ-дегі өз мұз айдынындағы сериясын «Адмиралға» қарсы матчпен жалғастырды, деп хабарлайды Sport+.  

Ойынның есебі — 4:2 қонақтардың пайдасына. Астаналықтар сапында Роман Старченко мен Дінмұхамед Қайыржан шайба соқты. Сондай-ақ қатарынан екінші ойында ұпай жинаған Николай Шульганы атап өткен жөн.  

«Барыс» келесі матчты 26 ақпанда сырт алаңда «Металлургқа» қарсы өткізеді.



Күн шежіресі