«Барыс» «Северсталь» командасына есе жіберді

Елордалық «Барыс» хоккей командасы ҚХЛ аясында «Северсталь» командасынан 6:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық команданың құрамында Роман Старченко мен Семен Симонов шайба соқты, сондай-ақ бүгінгі ойында 0+2 нәтижесімен көзге түскен Николай Шульганы атап өту керек.
«Барыс» келесі матчты да өз мұз айдынында өткізіп, 22 ақпанда «Адмиралмен» кездеседі.