Дастан Амангелді: 7 қарашада Германияда жекпе-жек өткізуім мүмкін
OCTAGON лигасының қазақстандық файтері Дастан Амангелді Sport+ арнасына берген сұхбатында командаласы Еламан Саясатовтың NAIZA лигасының белбеуі үшін Болат Заманбековке қарсы өтетін жекпе-жегіне қатысты ойымен бөлісті.
— Бәсекелі жекпе-жек болады. Еламан өзімен көп жұмыс істеді, енді мұндай қателікке жол бермейді деп ойлаймын. Ақтөбеде белбеуді жеңіп алуға мүмкіндігі бар. Бірақ Болат та осы уақыт бойы дайындалып, көп жұмыс істеді. Сондықтан өте ауыр жекпе-жек болатыны анық.
— Өзің октагонға қашан оралуды жоспарлап жүрсің?
— Жақында Саят Абдурахмановпен сөйлестім. 7 қарашада Германияда өтетін OCTAGON лигасының турниріне дайындалуымды айтты. Қарсыласымның есімі белгілі, енді келісімшарт пен ресми анонсты күтіп жүрмін.
Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.