Ануарбек «Мотиватор» NAIZA турнирінде Жұман Жұмабековпен жекпе-жек өткізуі мүмкін
Ануарбек «Мотиватор» Бекембетов Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирінде Жұман Жұмабековке қарсы Мохд Азахардың орнына шығуға дайын, деп хабарлайды Sport+.
Егер Азахар салмақ өлшеу рәсімінен өте алмаса, оның орнына Ануарбек Бекембетов шығады.
Қарсыласына қарамастан, Жұмабековтың жекпе-жегі ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша өтеді.
Турнир 19 қыркүйекке жоспарланған. Тікелей трансляция Sport+ арнасында көрсетіледі.