Михаил Кравец «Ладаны» жеңгеннен кейін: Бірінші кезеңде абдырап қалдық немесе керісінше, шамадан тыс толқып кеттік

Михаил Кравец «Ладаны» жеңгеннен кейін: Бірінші кезеңде абдырап қалдық немесе керісінше, шамадан тыс толқып кеттік

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец командасының «Ладаны» 6:0 есебімен жеңген матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жанкүйерлер мен команданы жеңіспен құттықтағым келеді. Ойын оңай болған жоқ, қарсылас мықты, оның үстіне „Лада“ алдыңғы матчында жеңіске жеткен еді. Біз бұл ойынға, әрине, тыңғылықты дайындалдық және қарсыластың көпшілікте жақсы ойнайтынын білдік. Сондықтан бізге жылдамдық қажет екенін, жекпе-жектерде жеңу, қақпа алдына белсенді кіру және айып алмау керектігін түсіндік. Осылайша беске бес форматында көбірек ойнауға тырыстық. Мұның бәрін орындадық. Бірінші кезеңде аздап абдырап қалдық, мүмкін, толық оянып үлгермедік немесе керісінше, шамадан тыс толқып кеттік. Кейін сабырға келіп, шайбамен көбірек ойнай бастадық, шабуылда өткір қимылдап, қорғаныста жақсы әрекет еттік. Бүгін жігіттер жарады, көптеген шайбаны өздеріне қабылдап, қақпамызға көп соққы жасауға мүмкіндік бермеді».



Күн шежіресі