Михаил Кравец «Амурдан» жеңілген матч туралы: Жігіттер бар күшін салды
«Барыстың» хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец «Амурдан» (1:3) жеңілген матчтан кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап:
«Ең алдымен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, бүгін көрермендер саны өте көп болды. Әрине, бүгін барлығын жеңіспен қуанта алмағанымызға қынжылдық. Бірақ, шынымды айтсам, ойын барысында басымдық бізде болды, қарсыласқа қарағанда қақпаға көбірек соққы бағыттадық және гол соғатын мүмкіндіктерді де көбірек жасадық деп ойлаймын. Өкінішке қарай, бүгін алдыңғы матчтардағыдай нәтижелі аяқтау жетіспеді. Бұл туралы алдын ала айтқан едік. Дегенмен мұз айдынында жігіттер жеңіске жету үшін бар күшін салды. Сондықтан жұмысты жалғастыруымыз керек. Алда сан басымдығындағы ойын және басқа да барлық компоненттер бойынша жұмыс істейміз. Әрі қарай жылжимыз, алдымызда қиын сапар күтіп тұр», — деді бапкер.