Бейли мен Морелли серияларын жалғастырды, «Барыс» «Ладаны» ірі есеппен жеңді
«Барыс» хоккей клубы сырт алаңдағы сериясын Тольяттиде жергілікті «Ладаға» қарсы матчпен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу 6:0 есебімен аяқталды. Джастин Бейли дубль жасады. Сондай-ақ Джейк Масси, Семен Симонов, Иан Маккошен және Тайс Томпсон шайба соқты.
Осылайша Бейли мен Томпсон нәтижелі серияларын жалғастырып, қатарынан төртінші матчта ұпай жинады.
«Барыстың» келесі ойыны 18 қыркүйекте Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өтеді.