logo

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан АҚШ құрамасына жол берді

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан АҚШ құрамасына жол берді

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан – АҚШ матчы аяқталды.

Соңғы әрі шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваға сенім артты.

АҚШ әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткасы Тейлор Таунсенд пен Джессика Пегуланы шығарды.

Бастапқы партияда қос брейкке қол жеткізген америкалық дуэт басымдылық танытты – 6:2.

Екінші сетте қазақстандықтар 4:1 есебімен алға кеткенімен, Таунсенд – Пегула таразы басын теңестірді – 4:4. Тай-брейкте америкалықтар күш алып кетті – 7:6 (7:1).

Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатында 18 рет жеңімпаз атанған АҚШ-қа 1:2 есебімен есе жіберді.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!



Күн шежіресі