Зарина Дияс: Алда қиын ойындар күтіп тұр

Зарина Дияс командалық әлем чемпионатында АҚШ-қа қарсы ертеңгі ойын алдында ойымен бөлісті.
«Екі жарым жыл бойы жарақатыма байланысты жарыстарға қатыспадым, тіпті мүлдем ойнамаймын деп ойлағанмын. Өткен жылдың қараша айында ұлттық құрама сапында өнер көрсеткеніме қатты қуандым. Бұл – ерекше сезім әрі үлкен құрмет», — деді Дияс.
Теннисшінің айтуынша, турнирге бейімделу процесі жақсы әрі сенімді өтіп жатыр. Зарина Қытайда үш аптадан бері жүр: алдымен турнирде ойнады, содан кейін Гуанчжоу академиясында жаттығуын жалғастырды.
«Бейімделу жақсы өтіп жатыр. Бұған дейін осында турнирге қатыстым. Сонымен қатар Гуанчжоу академиясында жаттығамын. Сондықтан ертерек келіп, жаттыққаным дұрыс болды», — деп атап өтті спортшы.
Алдағы матчтарға дайындық қарқынды жүруде. Заринаның сөзінше, құрамадағы атмосфера ерекше жақсы: қыздар лайықты нәтиже көрсетуге жігерлі.
«Жаттығулар өте жақсы өтуде, бәрі дайын», — деді Дияс.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!