Жас теннисші Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасындағы жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде қазақстандық теннисшілердің жетістіктері ерекше көзге түсті.
17 жастағы Заңғар Нұрланұлы бірден 29 сатыға жоғарылап, рейтингте 25-ші орынға жайғасты. Ол биылғы маусымда жасөспірімдер арасындағы US Open жарысының жартылай финалына дейін жеткен болатын.
Амир Омарханов рейтингте 28-орнын сақтап қалды. Дамир Жалғасбай да қарқынды өрлеп келеді – қазір ол 65-ші сатыға көтерілді. Даниэль Тазабеков 122-орынға орналасты.