«Астана» қазақстандық вингермен келісімшартқа қол қойды
«Астана» футбол клубы шабуыл шебінде ойнайтын Дамир Маратпен келісімшарт жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 жастағы жартылай қорғаушы бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алған. Сондай-ақ, «Тобыл» клубының құрамында Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанған.
Кәсіби мансабында ол «Алтай», «Екібастұз», «Ақсу», «Каспий», «Оқжетпес» және «Тобыл» клубтарының намысын қорғаған.