Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның жұптық сынында жеңіске жетті

Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдонның жұптық сынында жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінің жұптық сынының бірінші айналымында жеңіске жетті.

Шөп төсенішіндегі турнирде қазақстандық спортшы америкалық Джейк Секордпен жұптасып өнер көрсетуде. Алғашқы айналымда олар жарыстың бесінші нөмірлі сеянныйлары – пуэрто-риколық Янник Альварес пен бразилиялық Леонардо Сторк-Франк жұбымен кездесті.

Кездесу екі сетке созылып, Дамир мен Джейктің 7:6 (10:8), 7:6 (8:6) есебімен жеңісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 27 минут өткізді.

Келесі айналымда қазақстандық-америкалық жұп латвиялық Рихардс Нейманис пен румыниялық Матей Тодоранға қарсы ойнайды. Сонымен қатар, Жалғасбай жекелей сында да жарысты жалғастырып жатыр. Ол бұл сында да екінші айналымға жолдама алды.



Күн шежіресі