Дамир Жалғасбай жасөспірімдер арасындағы Уимблдон-2026 турнирінің екінші айналымына шықты
Қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай Уимблдон-2026 жасөспірімдер арасындағы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші айналымында жеңіске жетті.
18 жастағы қазақстандықтың қарсыласы турнирдің жетінші нөмірлі ойыншысы, аустриялық Тило Берманн болды. Үш сетке созылған матчта Дамир 3:6, 7:6 (7:3), 7:6 (10:8) есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер кортта 2 сағат 13 минут өткізді. Осылайша, Жалғасбай да Заңғар Нұрланұлы сияқты шөп төсенішіндегі «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымына жолдама алып, келесі кезеңде Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Коннор Дойгпен кездеседі.