Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан – АҚШ бәсекесінде Рыбакина таразы басын теңестірді

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ матчында қос құрама үздіктері кортқа шықты.
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 10, ал оның америкалық қарсыласы Джессика Пегула 7-орында тұр.
Рыбакина бірінші партияны брейкпен түйіндеді – 6:4. Елена екінші сетте де 3:0 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:1. Енді матч тағдыры жұптық кездесуде шешіледі.
Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!