Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижелері

Спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижелері

Краковта (Польша) спорттық құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Өкінішке қарай, аталған бәсекеде отандастарымыз жүлделі орындардан көріне алмады.

Ерлер арасындағы «жылдамдық» сайсында Ришат Хайбуллин 13-орын, Дамир Тоқтаров 21-орын, Әмір Маймұратов 22-орын, Әлішер Мұрат 49-орын, Рашид Хайбуллин 50-орынға жайғасты.

Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 32-орынға тұрақтады. Ал Анна Баларшина 46-орын, Арина Новицкая 57-орыннан көрінді.

Ерлер құрамасы эстафеталық жарыста 9-орынға тұрақтаса, әйелдер командасы 15-орынмен жарысты аяқтады.