logo

Алматы облысының спортына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысының спортына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Айбол Тиналович Кулбаев 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ Алматы облысы спорт басқармасының мәліметі бойынша.

Айбол Тиналович 1986 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары: Қазақ спорт және туризм академиясының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр (2008), магистр (2010) және доктор (2015) дәрежелерін алған. 2018 жылы Ресей Халықаралық Олимпиадалық университетінде «Спорттағы менеджмент пен маркетинг» бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы технологиялық университетінің технология-экономикалық колледжінің оқытушысы болып бастаған. Әр жылдары Қазақ спорт және туризм академиясында аға оқытушы, ғылым және халықаралық байланыс департаментінің директоры, бөлім жетекшісі, проректор қызметтерін атқарған. 2024 жылдан бастап Қ.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры лауазымында жұмыс істеді.