Үстел теннисінен ел чемпионаты Sport+ арнасында
Павлодар қаласындағы «Jenimpaz» үстел теннисі орталығында 2007 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Турнирге 260-тан астам ұлдар мен қыздар қатысып, командалық, жекелей, жұптық және аралас санаттарда жүлделерді сарапқа салады.
Барлық ойын күндерінің тікелей трансляциясы sportplus_qaz YouTube арнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.