Қазақстан құрамасы үстел теннисінен WTT Star Contender турнирін бастады: алғашқы нәтижелер
Дохада (Қатар) үстел теннисінен WTT Star Contender Doha 2026 турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының теннисшілері алғашқы матчтарын өткізді.
Жекелей жарыс, іріктеу кезеңі:
Ескендір Харки — Али Альхадрави (Сауд Арабиясы) — 2:3
Сарвиноз Миркадирова — Марьям Али (Қатар) — 3:0
Сарвиноз Миркадирова — Хуан Ю-Цзе (Тайбэй) — 0:3
Отандастарымыз іріктеу кезеңінен өте алмады. Енді олар жұптық және аралас жұптық сайыста бақ сынайды.