Үш титулдық жекпе-жек. АСА 183 турниріңің тікелей эфирі

Краснодарда 8 ақпанда үлкен АСА 183 турнирі өтеді, оның аясында қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Юсуф Раисов арасындағы көптен күткен реванш болады.
Бұрынғы кездесуде, бес жыл бұрын, Артем сенсациялық түрде судьялардың шешімімен жеңіске жеткен болатын. Реванш бастапқыда желтоқсан айындағы турнирде өтетін болған, бірақ Резников жарақатына байланысты бірнеше күн бұрын кездесуден бас тартуға мәжбүр болды.
Енді бұл жекпе-жек АСА Best Media Fighter лигасының белбеуі үшін өтеді.
Турнирде сонымен қатар екі негізгі жекпе-жекте белбеулер ойнатылады. Альберт Туменов жарталай орта салмақтағы гран-при финалында Абубакар Вагаевпен кездесіп, лиганың титулын сарапқа салады.
Ал Магомедрасул Гасанов орта салмақта Шамиль Абдулаевпен титул үшін жекпе-жек өткізеді. Сонымен қатар, негізгі кардта Ресейдің ММА ардагері, бұрынғы PFL және ONE лигаларының боксшысы Николай Алексахин, бұрынғы Eagles FC лигасының екі чемпионы Мехди Дакаев және Расул Магомедов өнер көрсетеді.
Прелимдерде UFC экс-жауынгері Рамазан Эмеев айқасады, оның тәжірибесінде Маддалена мен Стольце сияқты әлемдік деңгейдегі файтерлерге қарсы жекпе-жектер бар.
Турнир басталуы 17:10-де.
Алғашқы жекпе-жектерді sportplustv.kz сайтынан көруге болады, ал 19:15-тен бастап турнир Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.