logo

Рахмоновтың бапкері Базров Резников – Раисов жекпе-жегі туралы: Артём соңғы кездесуден бері өсті, ол жеңіске жетеді

Рахмоновтың бапкері Базров Резников – Раисов жекпе-жегі туралы: Артём соңғы кездесуден бері өсті, ол жеңіске жетеді

DAR Team командасының бапкері Эдуард Базров Sport+ сайтына берген сұхбатында 8 ақпанда Краснодарда өтетін ACA 183 турнирінде Артём Резников пен Юсуф Раисов арасындағы қарымта жекпе-жекке өз болжамын жасады.

«Артём жеңіске жетеді. Ол алғашқы жекпе-жектен кейін айтарлықтай өсті, мықты қарсыластармен шайқасты, күшейе түсті. Жоғары деңгейдегі дайындық лагерлерінен өтті, бұл оның нағыз кәсіби жауынгер ретінде толысуына көмектесті. Сондықтан ол жеңіске оңай жетеді деп ойлаймын. Раисов та өте мықты, жақсы спортшы, бірақ оны Артёммен салыстырғанда, Резниковтың өз стилін таңып, басымдық танытып, жеңіске жетуі қиын болмайды деп есептеймін», — деді Э. Базров. 

ACA 183 турнирінің тікелей көрсетілімін Sport+ телеарнасы тамашалауға болады, сондай-ақ трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.