logo

Асу Алмабаев: Үздік қарсылассыз қалғаным көңіл түсірді

Асу Алмабаев: Үздік қарсылассыз қалғаным көңіл түсірді

Қазақстандық ММА жауынгері Асу Алмабаев «Проспорт» сұхбатында Стив Эрцегке қарсы жекпе-жектің өтпейтіні туралы өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Sport+.

— Әрине, мен жоғары деңгейдегі қарсылассыз қалғаным көңіл түсірді, бірақ толық жиыннан өтіп, қарсылассыз қалған одан да жаман болар еді. Сондықтан UFC осындай шешімін қабылдаймыз, — деді Асу Алмабаев.

Айта кететіні, Асумен жекпе-жектен бас тартқан Стив Эрцегті бразилиялық жауынгер Аллан Насименту алмастырады. Аталмыш кездесу 1 наурызға жоспарланған.