Ресейлік лигадан қуылған қазақ жауынгерінің жаңа жекпе-жегі жарияланды

«Alash Pride» лигасы Орал қаласында өтетін 106 нөмірлі турнирді жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Бағдос Олжабай өнер көрсетеді. Сондай-ақ, турнирге Асылжан Таскет, Аслан Өтеғалиев, Мақсат Олжабай, Ержан Жұмабаев, Нұрхан Жұмағазы және Досбол Елеген сынды файтерлер қатысады.
Турнир 28 ақпанға жоспарланған.
Бағдос Олжабай 2 қарашада ресейлік АСА лигасының турнирінде төбелесуі керек еді, алайда денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды, сондықтан ұйым қазақстандықпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.