logo

Бағдат Жұбаныш – NAIZA жылдың үздік жауынгері. Алматыда NAIZA Awards өтті

Бағдат Жұбаныш – NAIZA жылдың үздік жауынгері. Алматыда NAIZA Awards өтті

Алматыда 2024 жылдың үздік спортшыларын анықтаған NAIZA Awards салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sport+.

Жылдың басты номинациясы — «Жылдың үздік жауынгері» атағын лига чемпионы Бағдат Жұбаныш жеңіп алды.

Негізгі номинациялар тізімі:
Жылдың үздік проспектісі — Ермахан Орынтаев
Жылдың сенсациясы (апсет) — Николай Киоссе
Жылдың үздік командасы — Saq Pro Team
Жылдың ең үздік нокауты — Нұрбек Қабдрахманов
Жылдың үздік бапкері — Айбек Шоқпытов
Жылдың ең үздік жекпе-жегі — Фаниль Рафиков — Нариман Аббасов
Жылдың үздік жауынгері — Бағдат Жұбаныш

Марапаттау рәсімінде Sport+ телеарнасы да «Жылдың серіктесі» номинациясында жеңімпаз атанды. Жүлдені арна директоры Асқат Жақаев қабылдады.

NAIZA лигасының келесі турнирі 20 ақпанда Қостанайда өтеді.