Артем Резников: Сөз аяқталды, енді бәрін октагон көрсетеді

Қазақстандық файтер Артём Резников пен оның қарсыласы Юсуф Раисов 8 ақпанда Краснодарда өтетін ACA 183 турнирі алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарайлды Sport+.
Резниковтың салмағы – 77,75 кг, ал Раисовтың салмағы – 77,65 кг.
Көз түйістіру рәсімінен кейін Артём: «Сөз аяқталды, енді бәрін октагон көрсетеді», – деп мәлімдеді.
Еске салсақ, бұл спортшылар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2020 жылдың қыркүйегінде өтіп, Резниковтың бірауыздан қабылданған шешімімен жеңісімен аяқталған.
Бүкіл турнир Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.