logo

Бадаев Резников – Раисов жекпе-жегі туралы: Бұл қарсыластық өтуі керек

Бадаев Резников – Раисов жекпе-жегі туралы: Бұл қарсыластық өтуі керек

АСА вице-президенті Асланбек Бадаев Юсуф Раисов пен Артем Резников арасындағы жекпе-жектің өтпеуі жағдайында лига қандай да бір жаза жүйесінқарастырмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Аталған кездесу 8 ақпан, сенбі күні ACA 183 турнирінде өтуі тиіс.

«Біз жекпе-жектің тағы да өтпеуі жағдайында қандай да бір жаза жүйесін әзірлеген жоқпыз. Мұндай сценарийді ойлаған да жоқпыз. Біз тек оның өтетініне сенеміз. Егер бәрібір де кездесу болмай қалса, қандай да бір шаралар қабылдау қажет. Бірақ қандай шаралар? Жекпе-жек өтпесе, спортшылар өздерін өздері жазалайды. Сондықтан тек ең жақсы нәтижеге үміт артамыз. Бұл қарсыластық өтуі тиіс», – деп келтіреді Бадаевтың сөзін «РБ Спорт».

Бастапқыда Раисов пен Резников арасындағы жекпе-жек 15 желтоқсан күні ACA 182 турнирінде өтуі керек болған. Алайда кездесу алдында екі күн бұрын Артем Резников денсаулығына байланысты жекпе-жектен бас тартқан еді.

ACA 183 турнирін тікелей эфирде Sport+ арнасынан тамашалай аласыз.