Түркия чемпионатында «Эюпспор» мен «Бешікташ» тең түсті (видео)
Түркия чемпионатының 19-туры аясында өткен «Эюпспор» мен «Бешікташ» арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 6-минутында Кекчю есеп ашты. Екінші таймда Бозок таразы басын теңестірсе, Акбаба пенальтиден гол соқты. Ал 76-минутта Ундер «Бешікташқа» тең ойын сыйлады.