logo

Жұлдызды трансфер: Нани «Ақтөбеде»

Жұлдызды трансфер: Нани «Ақтөбеде»

Португалиялық футболшы Луиш Нани «Ақтөбе» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Алматыда футболшы мен «қызыл-ақ» клуб басшылығының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында ресми түрде жарияланды.

Нани ең үлкен танымалдыққа «Манчестер Юнайтед» сапындағы өнерінің арқасында ие болды. Аталған клубпен бірге ол Чемпиондар лигасын жеңіп алып, Англия чемпионатын төрт рет ұтқан.

Ағылшын алпауытынан бөлек, португалиялық футболшы «Спортинг», «Фенербахче», «Валенсия», «Лацио» және басқа да бірқатар клубтардың намысын қорғап, Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсетті.

Халықаралық аренада Нанидің ең үлкен жетістігі 2016 жылмен байланысты. Сол жылы ол Португалия ұлттық құрамасының құрамында Еуропа чемпионы атанып, өз елінің тарихи жеңісіне зор үлес қосты.



Күн шежіресі