logo

Шерхан Қалмұрзаның «Қайрат» сапындағы болашағы анықталды

Шерхан Қалмұрзаның «Қайрат» сапындағы болашағы анықталды

Алматының «Қайрат» футбол клубы 19 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзамен келісімді ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа келісімшарт 2028 жылдың 30 қарашасына дейін күшінде болады.

Өткен Премьер-лига маусымында Қалмұрза негізгі құрамда 3 матч өткізген. Ал осы жылғы Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде қақпашы «Қайрат» құрамында екі кездесуге қатысты.