Софья Самоделкина әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында 12-орынға тұрақтады
Бүгін Чехия астанасы Прагада мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде әйелдер қысқа бағдарламада сынға түсіп, үздік 24 спортшы шешуші еркін бағдарламаға өтті.
Қазақстан атынан өнер көрсеткен Софья Самоделкина 66.95 ұпай жинап, әзірге 12-орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламаның қорытындысы (33 қатысушы):
1-орын.Каори Сакамото (Жапония) - 79.31 ұпай
2-орын. Моне Чибэ (Жапония) - 78.45 ұпай
3. Эмбер Гленн (АҚШ) - 72.65 ұпай
12-орын. Софья Самоделкина - 66.95 ұпай
Шешуші еркін бағдарлама 27 ақпан күні өтеді.