Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте 4-ші орынға тұрақтады
 
                                            Халықаралық конькишілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2025/2026 жылғы спорт маусымының әлемдік рейтингін жаңартты.
Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров маусымды 4-ші орынмен бастады. Естеріңізге сала кетсек, қазан айының басында Михаил Алматыда өткен Denis Ten Memorial Challenge халықаралық жарысының чемпионы атанған болатын. Спортшымыздың еншісінде 3686 ұпай бар.
Әлемдік рейтингте АҚШ спортшысы Илья Малинин (4890) көш бастаса, екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (4332) жайғасып, үздік үштікті Франция құрамасының өкілі Адам Сяо Хим Фа (3977) түйіндеді.
 
    