Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының сапынан екі спортшы қатысады
Прагада (Чехия) 25–29 наурыз аралығында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) мәліметіне сәйкес, Қазақстан атынан бұл бәсекеде екі спортшы бақ сынайды. Әлем біріншілігінде Софья Самоделкина мен Диас Жиренбаев ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров аталған турнирге қатыспайды. Ол тығыз жарыс маусымынан кейін толыққанды қалпына келуге уақыт бөлуді жөн көрген.