Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Грузиядағы халықаралық жарыста бақ сынауда
 
                                            Тбилисиде (Грузия) мәнерлеп сырғанаудан ірі халықаралық турнир басталды.
Жарыстың бірінші күнінде әйелдер арасында қысқа бағдарлама бойынша сайыс өтті.
Аралық көшбасшылықты Грузия өкілі Анастасия Губанова иеленді - 65.76 ұпай.
Италиялық Анна Пеццетта екінші орын алса (64.32), ал Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин үздік үштікті түйіндеді (62.10).
София Фарафонова 23-орын алды - 29.20 ұпай, Амина Алексеева - 24-орында (25.29), ал Русалина Шакрова - 25-орынға тұрақтады (24.07).
 
    