Санжар Жұбанов Түркияның үстел теннисі клубымен келісімшартқа қол қойды

Санжар Жұбанов Түркияның үстел теннисі клубымен келісімшартқа қол қойды

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Жұбанов Түркияның «Samvet TTC» клубының намысын қорғайтын болды,  деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Самсун қаласының командасы Түркия Премьер-лигасында өнер көрсетеді және ел чемпионатының күміс жүлдегері саналады.

Санжар Жұбанов жаңа клуб сапындағы алғашқы ойынын қараша айында өткізеді.

Айта кетейік, бұған дейін Алан Құрманғалиев Францияның «Хеннебон» клубымен келісімшартқа қол қойған болатын.



Күн шежіресі