Жалғасбай мен Арыстанбекованың өнері Sport+ телеарнасында тікелей эфирде

Жалғасбай мен Арыстанбекованың өнері Sport+ телеарнасында тікелей эфирде

Қазақстандық екі теннисші Дамир Жалғасбай мен Асылжан Арыстанбекова Астанада өтіп жатқан World Tennis Tour турнирінің ширек финалына шықты.

Енді олар жартылай финалға жолдама үшін сынға түседі. Дамир Жалғасбай жартылай финалға шығу үшін бұған дейін Амир Омархановты жеңген Үндістан өкілі Маан Кешарваниді ұтуы керек.

Ал Асылжан Арыстанбекова Анна Пушкареваға қарсы ойнайды.

Турнирдің орталық кортындағы барлық матч Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.

Матчтар кестесі:

Дамир Жалғасбай — Маан Кешарвани

Асылжан Арыстанбекова — Анна Пушкарева

Ерлер арасындағы бірінші жартылай финал

Ерлер арасындағы екінші жартылай финал



Күн шежіресі