Заңғар Нұрланұлы ширек финал жолында. Астанадағы WTT W15 және M15 турнирлерінің матчтарының тікелей эфирі
Өкінішке қарай, WTT W15 және M15 турнирлерінің алғашқы аптасындағы қазақстандық қаһармандар жарысты бірінші айналымда-ақ аяқтады.
Заңғар Нұрланұлы жарақатына байланысты турнирден бас тартса, Әмір Омарханов тартысты кездесуде үндістандық Маан Кешарваниден жеңілді.
Ерлер арасындағы жарыста Қазақстанның соңғы үміті — Дамир Жалғасбай. Әлемнің үздік 30 жасөспірім теннисшісінің қатарына кіретін қазақстандық бүгін 1/8 финалдағы кездесуін өткізеді.
Сағат 10:00–де ол елорда кортында ресейлік Никита Янинге қарсы ойнайды.
Орталық корттағы барлық матчтар sportplustv.kz сайтында және Sport+ телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Орталық корттың матчтар кестесі:
Никита Янин — Дамир Жалғасбай
Анна Седышева — Суйон Ян
Әлібек Қачмазов — Маан Кешарвани