Еуразия лигасының Суперлигасындағы екі ойын Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі
Ақтөбеде үстел теннисінен ерлер командалары арасындағы Еуразия лигасы Суперлигасының екінші туры жалғасуда.
Екінші ойын күні аясындағы екі кездесу тікелей эфирде көрсетіледі:
Сағат 10:00–де «Номад Про» (Астана) мен «ТТС Алматы 1» командалары арасындағы матч басталады.
Ал сағат 16:30–да эфирден «ТТС Караганда 1» — «Алтай Про» ойыны көрсетіледі.
Екі ойынды да sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube желісіндегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.