«Газиантеп» – «Фенербахче»: матчтының трансляциясы
14 қыркүйекте «Газиантеп» — «Фенербахче» матчы Түркия Суперлигасының бесінші турын қорытындылайды.
«Газиантеп» чемпионатты сәтті бастады: команда алғашқы төрт турда жеті ұпай жинады. Соңғы ойында олар сырт алаңда «Гезтепені» 4:2 есебімен ойсырата жеңді. Команда сырт алаңдағы кездесулерін әлдеқайда жақсы өткізіп жүр. Ал өз алаңындағы нәтижелері көңіл көншітпейді: соңғы төрт үй матчында бірде-бір жеңіс тіркелмеген — үш жеңіліс және бір тең ойын.
«Фенербахченің» де маусым басындағы көрсеткіштері мінсіз емес. Исмаил Картал шәкірттері төрт турда екі рет жеңіске жетіп, екі кездесуде жеңіліс тапты.
Осындай нәтижелермен клуб үздік ондыққа да кіре алмай, турнир кестесінде 11-орында тұр.
Бір қызығы, «Фенербахче» де сырт алаңда әлдеқайда жақсы өнер көрсетіп жүр. Команда соңғы екі сырт алаңдағы кездесуінде жеңіске жетті және бұл серияны тоқтатқысы келмейтіні анық.
Матч сағат 22:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.