Қазақстан баскетболдан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстан баскетболдан 2026 жылғы Азия ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы топтық кезеңде соңғы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші ойында ұлттық құрама Бахрейн командасымен кездесті. Ойын 101:78 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы үш кездесудің барлығында жеңіліп, С тобында төртінші орын алды. Нәтижесінде ұлттық құрама Азия ойындарындағы жарысын аяқтады.

Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар Қытайға 61:99, Филиппинге 78:109 есебімен жол берген еді.

Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға үш топтың әрқайсысынан үздік екі команда, сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасындағы нәтижесі ең жоғары екі команда жолдама алады.

Қазақстан С тобында төртінші орын алғандықтан, баскетболдан Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.



Күн шежіресі