Азиада-2026: Қазақстан баскетболдан Филиппинге есе жіберді
Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы С тобындағы екінші матчта Филиппинге қарсы ойнады.
Ойын 78:109 есебімен Филиппин құрамасының жеңісімен аяқталды.
Осылайша Қазақстан құрамасы екінші мәрте жеңіліс тапты. Алғашқы ойында қазақстандық баскетболшылар Қытай құрамасына 61:99 есебімен есе жіберді. Ал Филиппин құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін Бахрейнге қарсы өткізіп, 85:89 есебімен ұтылды.
Енді отандастарымыз келесі матчын 14 қыркүйекте Бахрейн командасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, баскетболдан Азия ойындарындағы жарыстар негізгі бағдарламадан ертерек басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.