Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын бастады

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын бастады

Бастеболдан Қазақстан құрамасы Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ жазғы Азия ойындарында өнер көрсетуін бастады.

Жарыс жолына алғашқылардың бірі болып баскетболдан Қазақстан құрамасы шықты. Топтық кезеңдегі алғашқы кездесуде ұлттық команда Қытай құрамасымен ойнады.

Ойын 99:61 есебімен Қытай құрамасының жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында С тобында өнер көрсетеді. Команда турнирдегі екінші кездесуін 12 қыркүйекте Филиппин құрамасына қарсы өткізеді. Ал топтық кезеңді баскетболшылар 14 қыркүйекте Бахрейн құрамасына қарсы матчпен аяқтайды.

Қазақстан намысын бұл спорт түрінен Марат Абат, Шаим Қуанов (капитан), Никита Федченко, Владимир Иванов, Рустам Мырзағалиев, Антон Быков, Константин Нефф, Роман Марчук, Даниил Севергин, Богдан Рабченюк, Станислав Сахипов және Аскар Майдекин қорғайды.

Баскетболдан Азия ойындарындағы жарыстар негізгі бағдарламадан ертерек басталды. ХХ жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.



Күн шежіресі