Қазақстан баскетбол құрамасы FIBA рейтингінде бес сатыға көтерілді
FIBA баскетболдан ұлттық құрамалардың рейтингін алдын ала іріктеу турнирлерінен кейін жаңартты, деп хабарлайды Sport+.
Азия кубогының іріктеу кезеңіндегі өз алаңындағы кезеңді сәтті өткізген Қазақстан құрамасы рейтингте бес сатыға көтерілді.
Енді қазақстандық баскетболшылар Азия рейтингінде 17-орында тұр. Олар Гуам, Бахрейн және Үндістан құрамаларынан кейін орналасқан. Азия рейтингінің көшін Австралия, Жапония және Жаңа Зеландия құрамалары бастап тұр.
Әлемдік рейтингте де көшбасшылар өзгерген жоқ. АҚШ пен Германия алғашқы екі орында қалса, Франция құрамасы үшінші сатыға көтерілді.
Ал Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 81-орынға көтерілді.