Самсон Аракелян «Астана» баскетбол клубынан ресми түрде кетті

Самсон Аракелян «Астана» баскетбол клубынан ресми түрде кетті

«Астана» кәсіби баскетбол клубының бас директоры Самсон Аракелян 2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап бас директор қызметіндегі өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай шешім клубтың дамуындағы жаңа кезеңге өтуіне байланысты қабылданды. Енді клуб халықаралық турнирлерге қатысудан жастар резервін жүйелі түрде дайындауға бағытталған жұмысқа басымдық бермек.

«Клуб басшылығын өтпелі кезеңдегі негізгі ұйымдастырушылық мәселелер шешіліп, клубтың жаңа құрылымы мен оның міндеттері нақты айқындалған сәтте тапсырып отырмын. Осы жылдар бойы бірге жұмыс істеген бүкіл командаға — ойыншыларға, бапкерлер штабына және клуб қызметкерлеріне алғысымды білдіремін», — деді Самсон Аракелян.



Күн шежіресі