Еуразиялық лиганың Суперлигасындағы екі ойын Sport+ арнасында тікелей эфирде көрсетіледі
Ақтөбеде ерлер командалары арасындағы үстел теннисінен Еуразиялық лиганың Суперлигасының екінші туры жалғасуда.
Ойын күнінің екінші күні екі кездесу тікелей эфирде көрсетіледі:
Сағат 10:00–де Астананың «Номад Про» командасы мен «ТТС Шымкент» командасы арасындағы матч басталады.
Ал сағат 16:30–да жарыстың шешуші кезеңіндегі ойын тікелей эфирге шығады.
Екі ойынды да sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тағы sportplus_qaz арнасынан тамашалауға болады.