Құрманғалиев Швециядағы ірі турнирде жеңіске жетті
Швецияның Хельсингборг қаласында 25 елдің спортшылары қатысқан үстел теннисінен «WTT Youth Contender Helsingborg» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
U19 жас санатында қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушылары — Эльмира Әлиева мен Тоқтамыс Хасенов) тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Жарыс барысында ол:
Хьюго Джобсты (Швеция) — 3:0,
Обада Таббахты (Швеция) — 3:0,
Балаж Поорды (Венгрия) — 3:1,
Абхинандх Прадхивадхиді (Үндістан) — 3:2,
Ян Мругаланы (Польша) — 3:0,
Йохан Хавстинді (Дания) — 3:1,
Самуэль Михнаны (Польша) — 3:1 есебімен жеңді.
Осылайша Алан Құрманғалиев турнирдің чемпионы атанып, жастар арасындағы әлемдік рейтинг үшін 1000 ұпай еншіледі.