«Жеңіс» жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды

«Жеңіс» жаңа бас бапкерін ресми түрде таныстырды

«Жеңіс» футбол клубы босниялық маман Владимир Слишковичтің бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәскеудің «Спартак» және «Орынбор» клубтарындағы жұмысымен футбол жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир енді «сары-қаралардың» тізгінін ұстайды. 43 жастағы тәжірибелі маман «Спартакты» басқарған кезеңде Ресей Премьер-лигасында бірде-бір рет жеңілмей, айдың үздік бапкері атанған.

Ол бапкерлік мансабын Босния және Герцеговинаның «Зриньски» клубында бастаған. Сонымен қатар Қытай мен Сауд Арабиясы клубтарында, сондай-ақ Босния және Герцеговинаның жастар құрамасында жұмыс істеген тәжірибесі бар.



Күн шежіресі