Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасының «Хапоэль Беэр-Шева» – «Црвена Звезда» матчына делегат болып тағайындалды
Қазақстандық маман Олжас Абраев УЕФА Чемпиондар лигасы екінші іріктеу раундының израильдік «Хапоэль Беэр-Шева» мен сербиялық «Црвена Звезда» командалары арасындағы матчына делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Ойын 4 тамыз күні Қазақстан уақытымен сағат 22:30–да өтеді. Кездесу Сомбатхей қаласындағы (Венгрия) «Рохонци ут» стадионында өтеді.
Олжас Абраев 2013 жылдан бері УЕФА матчтарының делегаты, ал 2016 жылдан бастап ФИФА матч комиссары.
Айта кетейік, УЕФА матч делегаты ойындарда УЕФА-ның ресми өкілі ретінде әрекет етеді, матч алдындағы ұйымдастыру жиналыстарына төрағалық етеді, ойынның талапқа сай ұйымдастырылуын және жарыс регламентінің, әсіресе матчқа дейін, матч кезінде және одан кейін стадионда әрі одан тыс жерлерде тәртіп пен қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге жауапты болады.
Сонымен қатар делегат УЕФА әкімшілігінің өтініші бойынша матчқа дайындық туралы есеп ұсынады және қажет болған жағдайда турнирді ұйымдастыру мүмкіндігі мен деңгейін бағалау үшін турнир алдында нысанды аралап тексереді.