«Қайрат» пенальти сериясында «Омонияны» жеңіп, Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шықты
Алматылық «Қайрат» Эдмилсонның голының арқасында негізгі уақытта Кипр чемпионы «Омонияны» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Бір апта бұрын Кипрде өткен алғашқы кездесуде де дәл осындай есеп тіркелгендіктен, жеңімпаз қосымша уақытта анықталмады. Нәтижесінде жолдама иесі пенальти сериясында белгілі болды.
Пенальти сериясында қазақстандық клуб 6:5 есебімен басым түсті. Дәл соққыларды Эдмилсон, Оксанен, Мартынович, Гуаль, Туяқбаев және Бірқұрманов орындады. Ал шешуші пенальтиді қайтарған Ануарбеков матч қаһармандарының біріне айналды.
Бапкер Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын команданың Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіндегі келесі қарсыласы Болгарияның «Левски» клубы болады.