Елордалықтар есе қайтара ма? «Жеңіс» — «Елімай» матчының тікеле эфирі

Елордалықтар есе қайтара ма? «Жеңіс» — «Елімай» матчының тікеле эфирі

Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында елордалық «Жеңіс» өз алаңында семейлік «Елімайды» қабылдайды.

Қос команда да маусымның сәтсіз кезеңін өткеріп жатқандықтан, бұл кездесу аса тартысты болмақ.

Бірінші айналымда Андрей Карповичтің шәкірттері өз алаңында астаналық ұжымды 2:1 есебімен жеңген еді. Енді қарымта матчтың кезегі келді.

Ал Али Алиев үшін басты мәселе — соңғы турда «Каспийге» қарсы ойында қызыл қағаз алған команда капитаны Исламбек Қуаттың орнын кіммен толтыру.

Матч сағат 18:00–де басталады.

Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көре аласыз.



Күн шежіресі